Александр Недовесов ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 22:37 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Бостадтағы (Швеция) өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Недовесов пен Эскобар жүлде қоры 630 000 еуро болатын Nordea Open турнирінің ширек финалында сербиялық Никола Качич/Душан Лайовичті 6:1, 7:5 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық және эквадорлық теннисшілер енді жартылай финалда итальяндық Андреа Вавассори/Симоне Болелли - Марко Чеккинато (Италия)/Бернабе Сапата Мираллес (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: