Бублик Аустриядағы турнирдің финалына шығып, титулын қорғауға бір қадам қалды
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы, ATP рейтингінде 11-орында тұрған Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездесті.
Бублик қарсыласын екі сетте сенімді түрде ұтып, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.
Енді финалда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 83-орында тұрған франциялық Кентен Галимен кездеседі.
Айта кетейік, Александр Бублик былтыр дәл осы Кицбюэль турнирінің чемпионы атанған еді. Осылайша, ол екінші жыл қатарынан турнир финалына шығып, чемпиондық атағын қорғауға мүмкіндік алды.
Generali Open турнирінің жалпы жүлде қоры 612 620 еуро болады. Турнир жеңімпазы 93 175 еуро сыйақы мен 250 ATP рейтингілік ұпайына ие болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript