Александр Бублик тағы бір сенсация жасап, Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Бублик тағы бір сенсация жасап, Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 19:48 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ теннисшісі чех Томаш Махачты 7:6(2), 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің 1/2 финалына жолдама алды.

Бублик  матч кезінде 19 эйс жасап, екі қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Енді Бублик жартылай финалда Аргентина өкілі Томас Мартин Этчеверри (63-орын) мен Карен Хачанов (22-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұл - Бубликтің Галледегі екінші жартылай финалы. 2023 жылы дәл осы турнирде ол ATP 500 титулын жеңіп алған еді.

Еске салайық, бұған дейін Бублик сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасын жеңгенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: