Бублик сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 00:50 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик турнирдің 1/8  айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 15 рет эйс жасады және алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Бублик енді жартылай финалға шығу үшін чехиялық теннисші Томаш Махачпен (ATP рейтингінде №23) кездеседі.

Ал бұған дейін Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: