Ролан Гарростегі сенсация: Бублик әлемнің 5-ракеткасын жарыстан шығарды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, ұлыбританиялық, 23 жастағы Джек Дрейпермен кортқа шықты.
Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді. Бұл олардың топырақ төсенішіндегі алғашқы матчы еді.
Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте ұлыбританиялық спортшы брейк жасап кетті – 7:5. Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды – 6:3. Қазақстандық теннисші үшінші сетті 6:2 есебімен аяқтады. Александр төртінші партияны брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Осылайша, Бублик өз спорттық жолында алғаш рет Франция ашық чемпионатының ширек финалына шықты. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript