Ролан Гаррос: Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші үшінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен өткізіп 6:1, 7:5, 6:2 есебімен оңай жеңді.
Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін Бублик биыл сәтті өнер көрсетіп, өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, ұлыбританиялық Джек Дрейпермен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript