Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 00:19 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің екінші айналымында әлемдік рейтингіде 129-сатыдағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Рыбакина матч кезінде бес эйспен көзге түсті және бір қос қателік жасады. 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Енді Елена үшінші айналымда латвиялық теннисші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Остапенко кездеседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: