Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 17:25 Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен бетпе-бет келді. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Елена ойындағы басымдықты толық қолына ала білді. Есеп – 6:4. 

Енді Елена төртінші айналымға өту үшін әлемнің 27-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенс немесе рейтингіде 81-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің қай жеңгенімен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: