Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 21:34 Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (58) әлемнің 19-шы ракеткасы - қытайлық Чжэн Циньвэньді сенсациялық түрде жеңіп, "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, 2 сағат 26 минутқа созылған матч Юлияның жеңісімен аяқталды, есеп: 6:3, 4:6, 6:2. Ойын барысында Путинцева бір рет эйс жасап, 13 брейк-поинттың (54%) жетеуін сәтті жүзеге асырды.

Путинцеваның келесі қарсыласы америкалық Слоан Стивенс пен ресейлік Варвара Грачева арасындағы матчта анықталады.

Бұған дейін Путинцева бельгиялық теннисші Марина Заневскаяны жеңген болатын.

Сондай-ақ Ролан Гаррос турнирінде Скатов пен Голубев жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: