Жаңалықтар тізбегі
0

Юлия Путинцева камбэк жасап, "Ролан Гаррос" турнирінің келесі айналымына өтті

Юлия Путинцева Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты.

Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды – 4:1. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де, тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (7:3).

Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз