Юлия Путинцева Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 00:16 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабатта өтіп жатқан WTA-250 турнирінің екінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева француз теннисшісі, әлемнің 129-ракеткасы Леоли Жанжанды кездесіп, оны екі сетте жеңді.

Матч 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Путинцева алты брейк-пойнттың бесеуін пайдаланып, бір қос қате жасады.

Енді Юлия Путинцева турнирдің ширек финалында әлемнің 195-ракеткасы Хулия Риерамен кездеседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: