Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңді
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Германияның Халле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Александр бірінші айналымда хорватиялық Борна Коричті 6:3, 6:1 есебімен жеңді. 1 сағатқа созылған матчта қазақстандық 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды (40%).
Бублик екінші айналымда Ян-Леннард Штруфф (Германия) пен Роман Сафиуллиннің (Ресей) кездесуіндегі жеңімпазбен ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін сәтті бастағанын жазған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript