Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 22:22 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Халледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымына ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық 6:3, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен әлемнің 21-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффты ұтты.

Теннисшілердің ойыны 2 сағат 16 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 23 рет эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Александр Бублик енді жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, италиялық 21 жастағы теннисші Янник Синнермен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: