Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирінің бірінші айналымында-ақ жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бублик бірінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы канадалық Феликс Оже-Альяссимнен 6:7 (7:9), 7:6 (7:4), 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 2 сағат 51 минутқа созылды. Бублик ойын кезінде 16 эйс жасады, жеті қос қателік және 17 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Канадалық теннисші келесі айналымда әлемнің 38-ракеткасы португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript