Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирін сәтті бастады

Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирін сәтті бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 18:56 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 80-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруффпен кездесті. Ол жарысқа "lucky loser" мәртебесімен өткен. Матч 1 сағат 6 минутқа созылып, Бублик екі сеттегі жеңіске жетті – 6:3, 6:4.

Келесі кезеңде Бублик финляндиялық Отто Виртанен (ATP рейтингінде 131-орын) мен нидерландтық Таллон Грикспур (25-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Дубайдағы ATP 500 турнирінің жалпы жүлде қоры – 3 311 005 АҚШ доллары. Жарыс жеңімпазы 619 160 доллар сыйақы мен ATP рейтингінің 500 ұпайына ие болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: