Александр Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 21:50 Сурет: ktf.kz
Дубайда (БАӘ) ATP 500 санатындағы турнир басталды. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жекелей сында бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик (№23 ATP) чех Томаш Махачты (No65 ATP) 2:6, 6:3, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Теннисшілердің кездесуі 1 сағат 57 минутқа созылды.

Бублик жеті рет эйспен көзге түсті, алты қос қателік жасады және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Махач үш эйс, үш қос қате жасап, сегіз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Бубликтің Дубайдағы келесі қарсыласы Таллон Грикспор (Нидерланд) мен Абедалла Шелбайх (Иордания, WC) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: