Александр Бублик жаңа маусымдағы алғашқы матчын өткізді

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 20:45 Сурет: ktf.kz
Аделаидада (Аустралия) ATP 250 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жекелей сындағы алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик алғашқы ойынында 20 жастағы аустралиялық Джеймс Маккейбті (ATP рейтингінде 278-орын) қарсы матчта аса қиындықсыз жеңді. Қазақстандық теннисші лаки-лузерді (LL) 6:2, 6:3 есебімен ұтты.


Ойын 1 сағат 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Александр Бублик екі эйс пен бес қос қате жасап, алты брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Александр Бублик екінші айналымда ұлыбританиялық теннисші Даниэль Эванспен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: