АТР-250: Александр Бублик жекелей сында жартылай финалға шықты

Александр Бублик, АТР-250, жекелей сын, жартылай финал, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 20:12 Сурет: atptour
Антверпен қаласында (Бельгия) теннистен ATP-250 турнирі аясында жекелеген сында ширек финал өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Франция теннисшісі Джованни Мпетчи Перрикарға қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның алғашқы ракеткасы үш сетте әлемдік рейтингте 226-шы орында болып табылатын французды 6:4, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Александр Бублик 8 эйс орындап, алтыбрейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды және жеті қос қателікке жол берді. Джованни Мпетчи Перрикардың есебінде орындалған 18 эйс, үш брейк-пойнттың сәтті жүзеге асырылған екі ұпай, үш қос қателік бар.

Финалға шығу үшін енді Александр Бублик Максимиллиан Мартерер (Германия, Q) – Юго Гастонның (Франция) бірімен ойнайтын болады. 

Бұған дейін Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің жұптық кезеңінде жеңіліп қалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: