АТР-250: Андрей Голубев теннистен жұптық сында жартылай финалға шықты

Андрей Голубев, теннис, АТР-250, жұптық сын, жартылай финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 19:53 Сурет: ktf.kz
Стокгольмда (Швеция) теннистен АТР-250 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында ширек финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украиналық Денис Молчановпен тізе қоса отырып, қазақстандық теннисші Франциско Кабрал (Португалия) және Генри Паттен (Ұлыбритания) тандемін 7:6 (7:4), 6:7 (3:7), 10:8 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 5 минутқа дейін созылды. 

Айта кетсек, бірінші айналымда Франциско Кабрал мен Генри Паттен қазақстандық Александр Недовесов пен эквадорлық Госало Эскобар жұбын жеңген (7:6, 6:4) болатын.

Бұған дейін бастапқы ойында Андрей Голубев пен Денис Молчанов аргентиналық дуэт Андрес Мольтени/Максимо Гонсалесті ұтқан болатын (7:5, 3:6, 10:7).

Голубев пен Молчановтың алдағы қарсыластары әлі анықталмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: