Андрей Голубев Швецияда өтіп жатқан АТР-250 турнирінің ширек финалына шықты

Андрей Голубев, Швеция, АТР-250, ширек финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 19:02 Сурет: ktf.kz
Стокгольмда (Швеция) АТР-250 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында бірінші айналымды сәтті игерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз украиналық Денис Молчановпен тізе қоса отырып, аргентиналық дуэт Андрес Молтени/Максимо Гонсалесті 7:5, 3:6, 10:7 есебімен ұтты. Айта кетсек, аргентиналық теннисшілер турнирге бірінші нөмірмен шықты. 

Ширек финалда Голубев Молчановпен бірге Франциско Кабрал (Португалия) және Генри Паттенмен (Ұлыбритания) кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: