АТР-250: Александр Шевченко ширек финалға шыға алмай қалды
Сурет: KTF
Малоркада (Испания) теннистен АТР-250 сериялы турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (58 АТР) екінші айналымда жекелей сында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалға шығу үшін Шевченко Чили теннисшісі Алехандро Табиломен (24 АТР) өзара бақ сынасты. Өкінішке қарай, жерлесіміз қарсыласынан 3:6, 2:6 есебімен жеңілді.
Кездесу бір сағат 10 минутқа созылды.
Енді Шевченко "Үлкен Дулыға" турниріне қатысу үшін Лондонға аттанады. Александр Уимблдонда жекелей сында өнер көрсетеді.
Бұған дейін Уимблдонның іріктеу кезеңінің финалына екі ойыншымыз – Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев шыққан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript