Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Сурет: ktf.kz
Турнирдің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open жарысының ширек финалында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қазанда өткен жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде әлемнің бесінші ракеткасы ATP рейтингінде 98-орында тұрған франциялық Теренс Атманмен кездесті. Матч Медведевтің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:4, 6:4.
Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Медведев бес эйс орындап, үш қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Сонымен қатар, ол қарсыласына бірде-бір брейк-пойнт жасауға мүмкіндік берген жоқ.
Осылайша, Даниил Медведев Almaty Open турниріндегі сәтті өнерін жалғастырып, жартылай финалға шықты. Оның келесі кезеңдегі қарсыласы басқа ширек финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша анықталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript