Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турнирінің чемпионы атанды

Даниил Медведев ATP 250 Almaty Open турнирінің чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2025 18:18 Сурет: ktf.kz
Алматыда 19 қазанда ATP 250 Almaty Open теннис турнирі мәресіне жетті. Бұл жарыста әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік теннисші Даниил Медведев жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің екінші ракеткасы болып тіркелген Медведев финалда франциялық Корентен Мутені (ATP рейтингінде №41) үш сет жеңді. Есеп – 7:5, 4:6, 6:3.

Бұл Медведевтің кейінгі 1,5 жылдағы хард корттағы алғашқы финалы болды. Бұған дейін ол 2024 жылдың көктемінде АҚШ-та өткен Indian Wells Masters турнирінде финалға дейін жетіп, испаниялық Карлос Алькарасқа жол берген еді.

Айта кетейік, Алматыдағы турнирдің басты трофейі екінші жыл қатарынан ресейлік спортшылардың қанжығасында.

Былтыр бұл додада Карен Хачанов жеңіске жеткен болатын, алайда биыл ол жарыстың екінші айналымынан аса алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: