ATP 250 Almaty Open турнирінің билеттері сатыла бастады

ATP 250 Almaty Open турнирінің билеттері сатыла бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 17:13 Сурет: olympic.kz
2025 жылдың 11–19 қазаны аралығында Алматыда теннистен ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ATP 250 турнирі - бұл әлемнің 30 елінде өтетін кәсіби ерлер теннисшілері арасындағы жарыстар санатына жататын беделді дода. Бұл санатқа кіретін 40 турнирдің әрқайсысында жеңіске жеткен спортшы ATP рейтингінде 250 ұпайға ие болады.

Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларынан асады.

Турнирдің тарихы 2020 жылы Астанада басталды. Сол жылы жарыс ATP 250 санатында алғаш рет өткізілді. Ал 2022 жылы бір реттік негізде оның деңгейі ATP 500-ге дейін көтеріліп, жарысқа әлемнің үздік теннисшілері қатысты. Олардың қатарында Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Хуберт Хуркач және Андрей Рублёв болды.

Өткен жылғы чемпион Карен Хачанов биыл өз атағын қорғауға ниетті.

Қазіргі уақытта турнирге билеттер сатылымға шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: