Жамбыл облысында жасөспірім мектеп ауласында BMW көлігімен дрифт жасап, жұртты шошытты

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 16:54 Фото: pexels
Жамбыл облысының Меркі ауылында жасөспірім Темірбек Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназияның автотұрағында BMW көлігімен қауіпті маневрлер жасаған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 25 қазанда Тоқаш Бокин көшесінде болған. Желіде жарияланған видеодан BMW автокөлігінің мектеп жанындағы тұрақта дрифт жасап, қауіпті маневрлер орындағанын көруге болады. Сол сәтте оқу орнының маңында балалар да жүрген.

Бір уақытта кәмелетке толмаған жүргізуші көлікті басқара алмай, оны зақымдап алған.

Оқиғаға құқық қорғау органдары назар аударды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.


"Аталған дерек Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, тиісті тексеру жүргізілді. Көлікті кәмелетке толмаған ұлының басқаруына бергені үшін 45 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды", – деп хабарлады ведомство Zakon.kz тілшісіне.

Полиция қызметкерлері көлік иесімен профилактикалық әңгіме жүргізгенін де мәлімдеді. Әйелге мұндай әрекеттердің құқықтық салдары түсіндіріліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Бұған дейін Жамбыл облысында шетелдік автокөлік жүргізушісі тротуармен келе жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған болатын. Жол апатының сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: