Айгерим Тарина
- Автор жайлы
Айгерим Тарина – Қазақ редакциясының шеф-редакторы. Редакция жұмысын үйлестіріп, сайтта жедел жаңалықтардың уақтылы жариялануын және материалдардың сапасын қадағалайды. Тілшілер әзірлеген материалдарды тексеріп, редакцияның тақырыптық жоспарын қалыптастырады. Саясат, қаржы және экономика салалары бойынша материалдар дайындап, жарияланатын деректердің дұрыстығын тексереді. Мемлекеттік органдардың өкілдері мен білікті сарапшылардан түсініктеме алады. Орыс тіліндегі материалдарды қазақ тіліне аударып, басылымның редакциялық талаптары мен қазақ тілінің әдеби нормаларына сәйкес бейімдейді. Қазақстандағы және әлемдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді тұрақты түрде бақылап отырады.
- Білімі
2005–2009 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Журналистика" мамандығы бойынша білім алды;
2009–2010 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын үздік дипломмен аяқтады;
2010–2012 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
- Кәсіби біліктілік
2006–2008 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ бағдарламалар бөлімінің редакторы;
2008–2010 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ сараптамалық бағдарламалар бөлімінің редакторы;
2010–2014 жылдары – "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар бөлімінің тілшісі;
2014–2015 жылдары – "Business Creative FMA" ЖШС бағдарламалар продюсері;
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Zakon.kz желілік басылымы қазақ редакциясының шеф-редакторы.
- Кәсіби жетістіктер
"Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі (2024 жыл).
- Автор деректемесі
- Автормен байланыс
aygerim.tarina@zakon.kz