Қазақстанда колледжден кейін ЖОО-ға қалай түсуге болады: ҰБТ, емтихандар және тестілеу құны

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 12:50 Фото: Национальный центр тестирования
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы 11 қарашада колледж түлектеріне жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтың мәліметінше, Қазақстанда 2019 жылдан бері колледж түлектері ЖОО-ға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысады. Кешенді тестілеу бұрынғы форматта енді өткізілмейді.

"Қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатысуға болады. Өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады. Тестілеу құны – 5 640 теңге", – деп түсіндірді мамандар.

Қандай ҰБТ тапсыру керек?

  • Бұл таңдаған мамандық пен оқу мерзіміне байланысты.

Қысқартылған оқу мерзіміне түсу үшін (өз мамандығы немесе сабақтас мамандық бойынша):

  • Ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырудың қажеті жоқ. Қабылдау ЖОО-да өткізілетін әңгімелесу нәтижесі бойынша жүргізіледі.
  • Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-ны тапсыру қажет. Шығармашылық емес бағыттар бойынша екі пәннен – жалпы кәсіптік және арнайы пәннен тест тапсырылады. Ал шығармашылық бағыттар бойынша ҰБТ-да бір арнайы пән тапсырып, қосымша ЖОО-да шығармашылық емтиханнан өту керек.

Толық оқу мерзіміне түсу үшін (басқа мамандық бойынша):

  • Ақылы оқуға түсу үшін жылына төрт рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысуға болады.
  • Грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-ны тапсыру қажет.
  • Шығармашылық емес бағыттарға түсу үшін бес пәннен: үш міндетті және екі бейіндік пәннен тест тапсырылады. Шығармашылық бағыттарға түсушілер "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндерінен ҰБТ тапсырады. Бұған қоса, ЖОО-да шығармашылық емтихан өткізіледі.

Талапкерлерге таңдаған ЖОО-да өз мамандығы бойынша қысқартылған оқу мерзімі мен гранттардың бар-жоғын алдын ала нақтылау ұсынылады. Мәселен, медицина саласында қысқартылған мерзімде оқу тек "Фармация" және "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша қарастырылған.

"Өтініш бермес бұрын мамандық пен оқу мерзімін анықтап, таңдаған ЖОО-ның қабылдау ережелерін нақтылап алыңыз", – деп кеңес берді Ұлттық тестілеу орталығы.

Бұған дейін орталық қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге өтініш қабылдау басталғанын хабарлаған еді. Өтініштер 2026 жылғы 9–15 қараша аралығында қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: