ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті
Сурет: unsplash
Ішкі істер министрі 2026 жылғы 3 қарашадағы бұйрығымен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мына көлік құралдарына арналған мемлекеттік нөмірлер бекітілді:
- заңды тұлғаларға тиесілі жеңіл және жүк электромобильдері, электр автобустары;
- жеке тұлғаларға тиесілі жеңіл және жүк электромобильдері, электр автобустары;
- электр мотоциклдері мен электр мотороллерлері;
- ішкі істер органдарының арнайы және жедел қызметтеріне тиесілі жеңіл және жүк электромобильдері, электр автобустары;
- ҚР ішкі істер органдарының электр мотокөлік құралдары.
Нөмірлік белгінің негізгі түсі ақ болады. Ал өңірді көрсетуге арналған бөліктің аясы жасыл түспен белгіленеді. Сандар, әріптер және "KZ" айырым белгісі қара түсті болады.
Сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің дипломатиялық және консулдық құрамына тиесілі қызметтік және жеке электромобильдерге, шетелдік жеке және заңды тұлғалардың электромобильдеріне арналған мемлекеттік нөмір үлгілері бекітілді.
Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
