Мәскеу – Астана рейсіндегі ұшақта бомба бар деген жалған хабардан кейін қылмыстық іс қозғалды

Аэропорт в Астане, аэропорт Астаны, международный аэропорт Нурсултан Назарбаев, международный аэропорт в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 13:15 Фото: unsplash
Кеше, 2026 жылғы 10 қарашада, Астана халықаралық әуежайында Мәскеуден келген ұшақ тексерілді. Бұған бортта бомба бар деген хабар себеп болған. Оқиғаның мән-жайын Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей астанасынан келген әуе кемесінің тексерілгені туралы ақпарат "Астана – Что? Где? Когда?" Telegram-арнасында жарияланған.


"Астана әуежайына түскен хабарлама бойынша тексеру жүргізілді. Мәскеу – Астана рейсін орындаған ұшақтың салонын тексеру барысында жарылғыш құрылғылар мен өзге де тыйым салынған заттар табылған жоқ. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені қолға алынды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне бүгін, 11 қарашада.

Бұған дейін Алматы әуежайында жұмысшының қаза тапқаны хабарланған еді. Алматы әуежайындағы Көліктегі полиция басқармасы адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: