Алматыда пойызда 52 адам уланды: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Zakon.kz
Алматы-2 теміржол вокзалында болған жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс тіркеген.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды".Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы пойызда 52 адам уланғанын хабарлаған едік, оның 10-ы - бала, 2 бүлдіршін реанимацияда жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript