Жаңалықтар тізбегі
0

Боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысуымен болған төбелестен кейін қылмыстық іс қозғалды

Астана, төбелес, бокс, Бейбіт Шүменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 14:33 Сурет: видеодан скриншот
Елордадағы сауда орталықтарының бірінде атақты боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі осы жылдың 18 маусымында Астанадағы сауда орталығының кафелерінің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрғанын еске салды.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", – делінген хабарламада.
Ведомство Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын, соның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде бір ер адам бала ұстап отырған екінші бір ер адамға тап беріп, бірнеше рет соққыға жыққанын көрсететін видео тараған еді. Кейін жұдырық ала жүгірген еркек бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Біраз уақыт өткеннен кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, жанжал балалар арасындағы жанжалдан басталғанын айтты. Бейбіт Шүменов баласымен қорғанған әкені айыптады.

Астанада өткен іс-шаралардың бірінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты елордалық ойын-сауық орталығының бірінде болған жанжалға түсініктеме берді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: