Алматыда үйлердің дұрыс жылынбауына не себеп: мамандар түсіндірді
Фото: freepik
"Алматы жылу желілері" ЖШС тұрғындарға пәтердегі жылыту жүйесіне өз бетінше өзгеріс енгізу бүкіл үйдің жылумен қамтылуына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың түсіндіруінше, инженерлік желілерді ауыстыру немесе олардың орнын өзгерту қайта жабдықтау жұмыстарына жатады. Тиісті рұқсат құжаттары болмаса, мұндай жұмыстар өз бетінше жүргізілген болып саналады.
Ең бастысы, пәтердегі осындай өзгерістер бүкіл үйдің жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын бұзуы мүмкін.
"Алматы жылу желілері" қызметкерлерінің айтуынша, көппәтерлі үйлердің тұрғындары жылыту сапасына қатысты мәселелерге жиі тап болып жүр.
"Мұның бір себебі – пәтердегі жылыту жүйесін қайта жабдықтау. Тұрғындар жылытылатын аумақты ұлғайту үшін радиаторларды балконға шығарады, оларға қосымша секциялар жалғайды және басқа да өзгерістер енгізеді. Алайда жылыту құрылғысының орнын ауыстыру үйдің жобасында қарастырылған бүкіл жүйенің жұмысын бұзатынын көбі ескере бермейді", – деп мәлімдеді "Алматы жылу желілері" ЖШС.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 10 қарашада үкіметте өткен брифингте климаттың өзгеруін ескере отырып, Қазақстандағы жылыту маусымының мерзімдерін қайта қарау мүмкін екенін айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript