Есте сақтау қабілетін не нашарлатады – зерттеу
Сурет: freepik
Бұл туралы Lenta.ru басылымы дәрігердің Telegram-арнасына сілтеме жасап жазған. Маманның айтуынша, мәселе тұзды сирек артық қолдануда емес, оны жүйелі түрде мөлшерден көп тұтынуда болып отыр. Павлова бұл әсер әсіресе ер адамдарда айқынырақ байқалатынын атап өтті.
Дәрігер ғылыми зерттеуге сүйене отырып, натрийді көп тұтыну мен когнитивті (ойлау, есте сақтау) функциялардың тез нашарлауы арасында байланыс бар екенін айтты.
Зерттеу барысында 50 жастан асқан 1208 ерікті алты жыл бойы бақылауға алынған. Нәтижесінде, күніне шамамен 3,3 грамм натрий (бұл шамамен 8 грамм тұзға тең) тұтынған ер адамдарда эпизодтық есте сақтау қабілеті тұзды аз қолданатындарға қарағанда тезірек нашарлағаны анықталған.
Ал әйелдер арасында мұндай айқын байланыс байқалмаған.
"Сонымен қатар тұзды көп қолданатын ер адамдарда қан қысымының жоғарылауы жиірек кездескен. Ал бұл – ми үшін белгілі қауіп факторларының бірі", – деп толықтырды дәрігер.
Бұған дейін фастфуд баланың мінез-құлқын бұзатындығын жазғанбыз.