Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 19:00 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.

Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Еске салсақ, Айдос Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді.

Осылайша ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орын алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: