Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2025 21:34 Сурет: UWW
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.

Ол 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Сұлтанғали Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған (2018, 2022).

Соңғы рет отандастарымыз грек-рим күресінен 1999 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: