Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 15:28 Фото: Zakon.kz
Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы Давид Лебанидзені іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Бостандық ауданында жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 1984 жылы туған Давид Лебанидзе 2026 жылғы 9 қазанда кешкі уақытта Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып, қайтып оралмаған. Содан бері ол жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ер адамды іздеуге еріктілер де атсалысқан. Олар жоғалған тұрғынның түр-сипаты мен ерекше белгілері көрсетілген хабарландыруларды әлеуметтік желілерде таратып, жұртшылықтан оны табуға көмектесуді сұраған.

Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 15:28

Сурет: volontery_lider.kz_almobl

Алайда іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. LIDER.KZ еріктілері 2026 жылғы 25 қазанда ер адамның мәйіті 16 қазанда табылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Алматы тұрғынының неден және қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз. Сондай-ақ оның мәйіті қай жерден табылғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Бұған дейін Алматы маңындағы тауларда адасып кеткен турист әйелді түні бойы іздегені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: