Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2026 14:33 Сурет: Instagram/pso_dos.kst_
Қостанай облысында үш тәулік бойы із-түзсіз жоғалып кеткен Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды. 24 сәуір күні кешке жас жігіттің мәйіті Мормыш көлі аумағынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның денесі тіршілік белгілерінсіз табылғаны туралы "ДОС" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері мәлімдеді. Олар полиция қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірге туыстары өтініш берген сәттен бастап айналаны толық тексерген.

Жергілікті Mendiqara yni басылымының жазуынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындады.


"Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. 24 сәуірде шамамен сағат 19:30-да мәйіт тіршілік белгілерінсіз табылды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Талдықорғанда асханада болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: