Жоғалып кеткен зейнеткер өлі күйінде табылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 22:52 Фото: polisia.kz
Петропавл қаласында жоғалып кеткен 65 жастағы ер адам асылып тұрған күйінде табылды. Оны туыстары мен полиция бірнеше күн бойы іздеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan Media басылымының жазуынша, ол 16 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге ТЖМ қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және полиция тартылған.

Бірнеше күннен кейін, 21 сәуірде, жоғалған адамның денесі полиция қызметкерлері тарапынан Петропавлдағы Речпорт ауданындағы саяжай массиві маңындағы орман белдеуінен табылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмның жанында тек жеке куәлігі болған. Оның жүрген бағыты бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Бұған дейін рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: