Қарағанды ​​облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Қарағанды, мәйіт, адам өлімі, Осакаровка, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 13:17 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды ​​облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті ауылдастарының үйінің ауласынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлерге Осакаровка ауылының тұрғыны арызданып, азаматтық некедегі жарын табуға көмектесуін өтінген.

Оның айтуынша, 24 қазанда ер адам үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

"6 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ауыл тұрғынын анықтады, тұрғынның үйінің қосалқы құрылыстарын тексеру кезінде ер адамның мәйіті табылды", – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жақында Алматы облысында полицейдің мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: