Қарағанды облысында жоғалып кеткен зейнеткер әйел өлі күйінде табылды
Сурет: freepik
Қарқаралыда саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, сол күйі жоғалып кеткен зейнеткер әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің жансыз денесі Берлога демалыс үйінен оңтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды, деп жазады "Вечерняя Караганда".
Айта кетсек, егде жастағы әйел 20 қыркүйекте саңырауқұлақ теру үшін орманға кеткен. Төрт күн бойы 72 жастағы зейнеткерді құтқарушылар, полицейлер, орманшылар және оның туыстары іздеумен болды.
Zakon.kz редакциясына Қарағанды облысы ТЖД бұл ақпаратты растады.
"2023 жылдың 24 қыркүйегінде іздеу тобы Берлога демалыс үйінен оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде жоғалған адамды өлі күйінде тапты". Қарағанды облысы ТЖД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript