Павлодар облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
19 сәуірде "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында үш күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының денесі қар астынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнында жергілікті полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Арнайы медициналық сараптама тағайындалды". Павлодар облысы ПД
Айта кетсек, 2023 жылдың 16 сәуірінде Бесқауға ауылының ерлі-зайыпты тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен жоғалып кеткен ірі қараны іздеуге шыққан. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күте бастайды. Әйелі оралмаған соң, ер адам полиция көмігіне жүгінді.
Полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қаласы ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елдімекендердің дала алқаптарында жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript