Атырауда бір ай бұрын жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды

Атырау, Құлсары, қария, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 10:55 Сурет: Zakon.kz
Атырауда 27 қаңтар күні Құлсары қаласына жаяу шығып, сол күйі із-түзсіз кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

inform.kz сайтының жазуынша, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан «Сарықасқа» учаскесінен 27 қаңтарда жолға шыққан 66 жастағы ер адам сол күйі үйіне оралмаған.

Ол Құлсары қаласына бару үшін жаяу жолға шыққан.

Атырау облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі оның мәйіті табылғандығы туралы ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.

Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстары «Үлкен төбе», «Сарықасқа» және«Бекжал» учаскелерінде жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: