Атырауда жоғалып кеткен 9 жастағы баланың денесі табылды
Сурет: pixabay
Атырауда серуенге шығып, қайта оралмаған 9 жастағы Еппили Сайли Аннанд Раонның денесі Орал өзеніне құятын Перетаска арығынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жоғалған баланың денесі 23 қаңтар күні сағат 19:00-де Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері Перетаска арығынан тапты.
Атырауда тоғыз жасар бала жоғалып кетті
Еске салайық, 22 қаңтарда кешкі уақытта 9 жастағы ұл бала жоғалып кеткен. Ол бауырымен бірге Балықшы маңындағы үйінен ойнауға шығып, қайта оралмаған.
22 қаңтарда баланы іздеу жұмыстарына полицейлер, ал 05:30-да құтқарушылар қосылған.
23 қаңтарда полицейлер Сайлиге ұқсас баланы көрген куәгерді тапқан.
Мен кешке, сағат 17:00 шамасында үй жанындағы дәріханаға апаратын жолда сұр күртеше киген, орта бойлы баланы көрдім. Ол аяғымен мұзды теуіп тұрды. Мен қауіпті екенін, мұздың жарылып кетуі мүмкін екенін ескерттім. Содан кейін баланың жоғары қарай, қамыс арасымен кеткенін байқадым. Ол кезде өзім ауырып тұрған едім. Қайта оралғанда баланы көрмедім. Куәгер әйел
Осыған байланысты құзіретті органдар ата-аналардан балаларды қараусыз жібермеуін өтінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript