Атырауда тоғыз жасар бала жоғалып кетті
Сурет: pixabay
Атырау қаласындағы «Балықшы» ықшамауданында тұратын 9 жасар бала кеше, 22 қаңтарда жоғалып кетіп, содан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты ТЖД баспасөз қызметі растады.
23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы ПД-ның кезекші бөліміне 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де "Балықшы" ықшамауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала далаға ойнауға шығып, содан үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Баланың туыстары, алдымен өз беттерімен оны іздеуге тырысқан. Қазіргі уақытта құтқарушылар "Балықшы" ықшамауданы бойынша жоғалып кеткен баланы іздестіруде. Сондай-ақ Перетаска каналына сүңгуірлік жұмыстар жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 17 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript