Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды

Тәртіпсіздік, ұрылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2022 11:57 Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігі
Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексеру кезінде үш адамнан ұрланған заттар тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

«Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір, 55 дана косметикалық бұйым.

Тексеру іс-шарасын теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали

Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: