Атырауда терезе арқылы үйге кіріп, бағалы заттарды ұрлаған күдіктілер ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, центр оперативного управления ДП, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, правонарушители, телефон полиции, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 13:03 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырау қаласында №2 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тұрғын үйлерге ұрлыққа түскен екі күдіктіні ұстады.

2025 жылдың 2 мамырында тараған ақпаратқа сай, олар пластикалық терезелерді арнайы құралмен ашып, үй ішінен алтын бұйымдар мен әртүрлі валютадағы ақшалай қаражатты қолды қылған.

Күдіктілердің ұрланған алтын бұйымдарды қаладағы бірнеше ломбардқа өткізіп үлгергені белгілі болды. Сондай-ақ олардың осындай тәсілмен жасалған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кету керек, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана танылатынын еске саламыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: