Алматыда пәтер тонаған күдіктілер ұсталды
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Әуезов ауданында болған пәтер ұрлығына байланысты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады.
Қылмыс күндізгі уақытта жасалған: күдіктілер кілт таңдау арқылы заңсыз түрде тұрғын үйге кіріп, ірі көлемде ақша ұрлаған. Күдіктілердің жеке басы анықталғаннан кейін олар ұсталды.
"Ұсталғандар – бұрын сотталған азаматтар, алдын ала жоспарланған тізбек бойынша әрекет еткен болуы мүмкін. Қазір олардың Алматы қаласы аумағында тіркелген басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жалғасуда", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.
Полиция тұрғындарға сапалы құлыптарды, бейнебақылау жүйелерін, мүмкіндігінше дабыл сигналдарын орнатудың маңыздылығын еске салады, сондай-ақ тұрғын үйлердің маңында күдікті адамдар болса, дереу полицияға хабарлауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript