Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 14:20 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады.

Анықталғандай 4 күдіктіден тұратын топалдын-ала сөз байласып, жылқыларды жайылымнан ұрлап жүрген. Содан кейін ұрланған малды жүк көлігіне артып әкетіп, сойып, етін сатқан.

Бүгінгі таңда күдіктілердің Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары белгілі болды. Шығын 19 миллион теңгеге жуық.

Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция оқиғаның барлық мән-жайды тексеріп, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: