Оралда үш үйге кіріп, алтын мен ақша ұрлағандар ұсталды

Оралда пәтер тонаушылар тобы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 17:44 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылдың ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды. Қылмыскерлер үш үйге пластикалық терезені итеріп кіріп, алтын бұйымдарды (сырға, сақиналар, алқалар және т.б.) және ақшалай қаражатты ұрлаған.

Ұрлық кешкі және түнгі уақытта үй иелері болмаған кезде жасалғаны анықталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстың төрт тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі бұрын бірнеше рет ұрлық, тонау және алаяқтық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктілер өткізіп жіберген орындардан тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үш эпизод бойынша алдын ала тергеу басталды. 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жалпы шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады.

Қылмыскерлердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: