Үйге кіріп, аяусыз соққыға жыққан: Түркістан облысында әйелге шабуыл жасағандар ұсталды
Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында әйелге шабуыл жасап, үйін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК арнасының мәліметінше, полиция дерегіне сәйкес, қаскөйлер түнгі сағат екі шамасында ашық тұрған терезе арқылы үйге кірген. Бұл кезде үй иесі жалғыз болған. Шабуылдаушылар әйелді соққыға жығып, кейін бағалы заттарды іздеп, үйдің ішін тінткен.
Кетерінде олар әйелдің ұялы телефонын алып, құлағындағы сырғасын жұлып кеткен. Осыдан кейін күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйел шуды естіген көршілерінен көмек сұрай алған.
Полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда отыр.
Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Дәрігерлер әйелдің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Бұған дейін Қазақстанда көбіне қандай заттардың ұрланатыны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript